«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Сабақты зерттеу - мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» атты жетекші мектеп семинары өтті

2021 жылдың 3 қарашасы күні Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылындағы Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Сабақты зерттеу - мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы" атты жетекші мектеп семинары өтті. Семинарға серіктес мектептер А.Меңдалыұлы атындағы ЖББМ пен Ә.Жангелдин атындағы ЖББМ мектептердің тәжірибелі мұғалімдері мен жас мамандары қатысты. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, Lesson Study зерттеу сабағын өткізу тиімділігі, инновациялық әдіс-тәсіл түрлерін қолдана білу, қмж жасауда сабақ мақсатын айқындауға байланысты сабақтар мен коучингтер ұйымдастырылды. Мектеп директоры Б.Епенова семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, психолог Г.Маратқызы «Танысу» тренингін өткізді. Педагог-зерттеуші Теңізбаева Меруерт 6 «ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Тұрмыстық химияны қолданудағы қауіпсіздік ережесі» тақырыбында Lesson Study сабағын өтті. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады. Сабақты бақылаушылар А.Саудабаева, Б.Делек, Ә.Құлтумаева, сарапшы Л.Шалбарбаевалар тапсырманы орындауда қолданған әдіс-тәсілдерді талқылап, сабақты бірлесе жоспарлап, келесі сыныпқа М.Теңізбаева 2-зерттеу сабағын өткізді. Lesson Study сабағын зерттеу тренері Ж.Сүгірова қорытты. Сонымен қатар мектеп тренері Г.Қалдығұлова "Оқушылардың сындарлы оқуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер " коучингі мен жетекші мектеп координаторы Г.Кентанова "Қысқа мерзімді жоспар жасауда сабақ мақсатын айқындау және тапсырмаларды саралау" атты дөңгелек үстел өткізді. Серіктес мектеп мұғалімдері соңында кері байланысқа шығып, өз пікірлерін айтты. Қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта да осындай бас қосулар жалғасын тапса деген ұсыныс-тілектермен тарасты. 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер