«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі»

29 желтоқсан күні мектебімізде А.Меңдалыұлы атындағы, Жанкелдин атындағы жəне Е.Айшуақұлы атындағы мектеп мұғалімдері қатысқан "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты - жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің кəсіби дамуына ықпал ету, тəжірибе алмасу. Жетекші мектеп ретінде мектебіміздің мұғалімдері ашық сабақтар мен басқа да іс-шаралар өткізді.
Тарих пəні мұғалімі Атшыбаева Салтанаттың "Ұлы Жібек жолы жəне орта ғасырлық қала мəдениеті" тақырыбындағы жəне бастауыш сынып мұғалімі Қалдығұлова Гүлнұрдың жаратылыстану пəнінен "Ауаның маңызы қандай?" тақырыбындағы сабақтары критериалды бағалау тəсілдерін жан-жақты көрсете білген сабақтар болды.

Ал Сүгірова Жанғаным өткізген "Lesson study зерттеу сабақтары - кəсіби шеберлікті шыңдау үдерісі" тақырыбында коучинг семинарға қатысушылардың қатты қызығушылығын тудырды. Коучинг мақсаты- бұл тəсілдің мұғалімдер мен оқушыларға оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен таныстыру болатын. Қатысқан мұғалімдер бұл зерттеу сабақтарын өз тəжірибелерінде қолдануға бағыт-бағдар алды.

Мектеп координаторы Кентанова Гүлжан
"Критериалды бағалау жəне модерация" тақырыбымен баяндап, мектептегі бөлім бойынша жиынтық жəне тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу, тжб- дан кейінгі модерация өткізу ережелері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдерге жиынтық бағалауды жүргізу бойынша қажет құжаттар мен бұйрықтар туралы, жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімнің өздері құрастыруы шарт екені, және неге сүйене жасауға болатыны айтылды. Модерация хаттамаларының үлгісі көрсетілді
Семинардың соңғы бөлімі - кері байланыста мұғалімдердің бұл шарадан алғаны көп екені айтылып, модерация мен тжб өткізу туралы тағы да семинар өткізуге ұсыныс берілді.

Семинардың өте жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз еткен барлық ұстаздарға мектеп əкімшілігі атынан алғыс айтамыз! 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер