«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні балаларға арналған өмір»

«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні балаларға арналған өмір» атты Республикалық онкүндік өткізілді.

Онкүндік барысында іс-шара жоспары жасақталып, бірқатар жұмыстар атқарылды. «Мен және менің құқығым» тақырыбында дебат сайысы өткізіліп, «Көкжиек» дебат клубы оқушылары тақырыпты талқылап, тартысты пікірталас өрбітті.

Б.Делектің ұйымдастыруымен «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз» атты 5 сыныптар арасында этно-ұлттық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүр, ырым-тыйымдарға қатысты маңызды сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы өз шеберліктерін сынға салды.

Қазақ тілі пәні мұғалімі Ф.Ерманова 5-10 сынып оқушылары «Бала құқығы – асыл қазына» 5-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауын өткізіп, мазмұнды эсселерді марапаттап қорытындылады.

1
2
3
4
5
6
7
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер