«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалаық шақ»

«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ағымдағы жылдың 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалаық шақ» ақпараттық науқаны өткізілді.

Шара барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің қатысуымен кездесу өткізілді. Мектеп Медбикесі Р.Бесбаева 7-8 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықтан қорғану» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.

М.Есенов 4-6 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлем құрайық!» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырып, балалар өз қиялдарындағы зорлықсыз, қатыгездіксіз бейбіт әлемді суреттей білді. Сынып жетекшілер сынып сағаттарында «Зорлық-зомбылықсыз балалаық шақ», «Мен өз құқығымды қорғай аламын» атты сынып сағат, пікірлесулер өткізді.

Мектеп психологы жоғары сынып оқушыларымен бірге «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» психологиялық тренингтер өткізіп, ата-аналар жиналысында ата-аналарға да қоғамдағы кездесіп жатқан зорлық-зомбылық, қатыгездік туралы ақпарат беріліп, олардан қорғану, алдын алу мақсатындар тренингтер өткізіліп, сауалнамалар алынды.

1
2
3
4
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер