«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Ұстазыма мың алғыс!»

«Есір Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 5 қазан күні мұғалімдер күніне орай «Мың алғыс, саған, ұстазым!» тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Барлық білім алушылар арасында «Ұстазыма мың алғыс!» құттықтау челленджі өткізіліп, шәкірттер ұстазына деген жылы лебіздерін білдірді. Ауыл әкімі С.Күзембайұлы «Аманат» партиясы тарапынан барлық мектеп мұғалімдерін мерекемен құттықтап, білім саласында жоғары жетістіктерге жетіп жүрген ұстаздарды марапаттады.

Өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен «Мың алғыс, саған, ұстазым!» тақырыбында мерекелік құттықтау шарасы өтті. Шараға мектептің білім сапасын көтеруде өз үлестерін қосып, бүгінде зейнеткерлік демалыста отырған ардагер ұстаздар шақырылып, мектеп тарапынан сый-құрмет көрсетілді.

1
2
3
4
5
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер