«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Мектебім - мейірім мекені»

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы бойынша «Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де бүгін Білім күніне орай «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбымен салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға Жыңғылды ауылы әкімі Күзембайұлы Сағыныш, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеубайұлы Баянғали қатысты. Жиынға қатысушылар биыл 1-сыныпқа қабылданып отырған 82 шәкіртті ұстаздарымен бірге қошеметпен қарсы алып, игі тілектерін айтты.

Сонымен қатар, шарада мектебімізде 39 жыл үзіліссіз еңбек еткен ардагер ұстаз бастауыш сынып мұғалімі Ерманова Әлия Қорғанбайқызын зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, мектеп ұжымы естелік сыйлықтарын тапсырды, шәкірттері ән-арнау жолдады.

1
2
3
4
5
6
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер