«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Ұранды елдің - ұрпағы қайсар»

«Е Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 24.04 күні «Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» атты 5-7 сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер, текті, намысты ұрпақ бойына, ақыл ойы мен жүрегіне туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар әскери жетекшісіне рапорт тапсырды. Екінші кезеңде оқушылар топтың атын, ұранын айтып, саптық жүрісті патриоттық әнмен, жаттығумен көрсетті. Үшінші кезеңде оқушылар велосипедпен кедергілерден өтті. Сайыста аулымыздың учаскілік ІІБ қызметкері Алипбаев Әйбек Захарұлы, дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қойжан Қанағат Дүйсенұлы, қосымша білім беру педагогі Жасқайрат Арай төрелік етті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Төребаева Динара жетекшілік ететін 5 в сыныбы иеленді.

1
2
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер