«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

Пәндік олимпиада!

Биылғы облыстық пәндік олимпиадада шәкірттеріміз мектебімізге үлкен қуаныш сыйлады. Облыстық сайысқа қатысқан 5 оқушымыздың үшеуі жүлделі орын иеленді. Олар: физика пәнінен 11-сынып оқушысы Басбай Іңкар - 2-орын, ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Батырғожина Аружан - 3-орын және биология пәнінен 11-сынып оқушысы Хамит Аружан -3-орын. Бұл ауданымыз бойынша да үлкен жетістік болды. Жеңімпаздарды бәйгеге дайындаған пән мұғалімдері - Шалбарбаева Лиза - физика пәні мұғалімі, Кентанова Гүлжан - ағылшын тілі пәні мұғалімі, Құлтумаева Иба - биология пәні мұғалімі болатын.

Үздік шәкірттеріміз бен олардың жетекшілерін құттықтай отырып, алда да үлкен жетістіктер тілейміз!

Сонымен қатар осы наурыз айының 18-інші жұлдызы күні Ә.Кекілбаев атындағы мұражайда өткен облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау сәтінде шәкіртіміз Басбай Іңкар Қазақ Британ университетіне оқуға 50% жеңілдік беретін сертификатқа ие болды. Озық ойлы шәкіртімізді құттықтап және алдағы сайыста биік межені бағындыруына тілекшіміз!

1
2
3
4
5
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер