«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Көкірегі-сезімді, көңілі- ойлыға бәрі анық» атты қазақ тілі мен əдебиеті пəні апталығы!

Мектебімізде 10-14-ақпан аралығында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Көкірегі-сезімді, көңілі- ойлыға бәрі анық" атты қазақ тілі мен əдебиеті пəні апталығы өтті. Апталықтың ашылуына арналған оқушылардың тəлім сəтінде Махамбетова Биалай "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған" атты баяндама арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзік сырлар айтты. Ал үзіліс кезінде ұйымдастырылған "Базарға қарап тұрсам, әркім барар" танымдық сұрақтар сайысында мектеп оқушылары асқан қызығушылықпен қатысты.

"Ақын жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсенділікпен қатысып, Аманжол Асылгерей, Жанғали Ерасыл, Есенов Марғұлан, Аманғалиқызы Жұлдызай, Игібай Бауыржан, Болатқызы Ақжүніс, Қасқырбай Айтөрелер жақсы бағаларын алды.
Апталық өте жоғары деңгейде өтті. 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер