«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

Іс-тəжірибе алмасуда пəндік апталықтар!!!

Мұғалімдер арасындағы іс-тəжірибе алмасуда пəндік апталықтардың ролі өте зор. Себебі апталық кезіндегі сабақтарға қатысу жəне оларды талдау арқылы сабақты өткізуші мұғалім де, қатысушы мұғалім де тəжірибе жинақтайды. Сондай апталықтың бірі - мектебімізде 10-14-ақпан аралығында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Көкірегі-сезімді, көңілі- ойлыға бәрі анық" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығында ақын өмірі мен шығармашылығына арналған тағылымдық шаралар мен ашық сабақтар қамтылды.

9-сыныпта әдебиет пәнінен педагог-зерттеуші Нәбиева Салтанат "Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романы", 6-сыныпта әдебиет пәнінен педагог-зерттеуші Махамбетова Биялай О.Бөкейдің "Тортай мінер ақбоз ат" әңгімесі, Епенова Бақтыгүл 6-сыныпта қазақ тілінен тізбектелген зерттеу сабағын, 5-сыныпта әдебиет пәнінен Тұңғатарова Асылтас Б.Соқпақбаевтың "Менің атым -Қожа" шығармасы, 6-сыныпта қазақ тілінен жас маман Шоғиева Әсел "Қазақтың тұңғыш чемпионы" сабақтарын өте жақсы деңгейде өткізіп шықты. Әр ұстаз білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша өз әдіс-тәсілін көрсете білді. Бұл сабақтардың бəрі де үлгі аларлықтай көрнекі сабақтар болды. 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер