«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Ұлттық киімдер» тақырыбымен сынып сағаты өтті

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Нұрмағанбетова Элмира жетекшілік ететін сыныпта "Ұлттық киімдер" тақырыбымен сынып сағаты өтті.

Сынып сағатында ұлттық киімдерді көзбен көріп, қолымен ұстап, әдемілігіне сүйсіну және қандай еңбекпен тігілетінін көру үшін аулымыздағы "Мадина" тігін цехына саяхат-сабақ ұйымдастырылды.Тігін цехының басшысы Тасмұханбетова Мәдина апай ұлттық жәдігерлеріміздің көз тартарлықтай әдемі болып шығуы үшін көп еңбек пен көз майын тауысатын табандылық керектігін, әрбір тапсырушының көңілінен шығу үшін де шыдамдылық керектігін баса айтты. Ұлттық киім түрлерімен таныстыра отырып, салт-дәстүрді сақтап, қазақы киімді киіп, әдемі болып жүруге де кеңес берді. Сұхбат соңында Мадина анамыз ине-жіп ұстап, өз түймесін өзі қадай ала ма екен деген сыңайда сұрақтар қойып, балалардың тігу өнеріне деген ынтасын да бақылады. Оқушылар тігін цехынан қай мамандықтың да жеңіл еместігіне тағы бір көз жеткізіп, кейбірі тігінші болсақ деген арманмен қайтты. Сынып сағатының оқушыларға ұлттық тəрбие мен эстетикалық тəрбие беруге, тіпті кəсіптік бағдар беруге де өз үлесін қосқаны сөзсіз. 

1
2
3
4
5
6
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер