«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Адал ұрпақ - мəңгілік ел болашағы»

Мектебімізде 5"А"-сыныбында 22 қаңтар күні "Адал ұрпақ - мəңгілік ел болашағы" тақырыбымен адалдық сабағы өтті. Сынып жетекшісі Қосжанова Айнұрдың жоғары дəрежеде ұйымдастыруымен өткен бұл тəрбиелік сабақтан оқушылардың ұғынғаны көп деуге болады.

Адалдық туралы шағын бейнебаян көрген соң, адалдық, парасаттылық, сенім дегенді қалай түсінетіндіктері туралы ойталқы жасалды.
Ал "Шынымды айтсам ..." сергіту сəті өте əдемі шықты.

Одан əрі "Суреттер сөйлейді" бөлімінде оқушылар берілген суреттер арқылы "Досқа адал болу", "Жемқорлыққа қарсы", "Ұрлық" тақырыптарымен өздері ойластырып, көрініс көрсетті. Жəне парасаттылық пен адалдық туралы нақыл сөздер айтылып, өлеңдер оқылды.

Сабақ соңында оқушылар "Адамшылықтың шуағы сөнбесін!" газетін толықтырып, "Жақсы адамдар" əнін шырқады. Сабақтан оқушылар əдемі көңіл-күймен жақсы ниетпен қаруланып шықты.

1
2
3
4
5
6
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер