«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Адам өмірінің мақсаты - кемелдену мен жетілу»

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің 7 "А"-сыныбында "Адам өмірінің мақсаты - кемелдену мен жетілу" тақырыбымен ашық тəрбие сағаты өтті. Шара сыныптың ақыны Берік Зуһраның өлеңімен ашылып, "Кемел-дену" жəне "Жетілу" топтарына бөлінді.

Алдымен оқушылар бейнекөрініс көріп алып, оны "Өрмекші торы" тəсілімен талқылап, "Мақсатқа жету үшін қандай құндылықтарды өзіңе қандай құндылықтарды серік етуің керек?" деген сұраққа жауап берді. "Топтастыру" тəсілімен адам басына қонған бақыттың тұрақты болуы неге байланысты екенін анықтады.

Келесі сəтте оқушыларға түзу жəне қисық өскен екі ағаш суреті көрсетіліп, "Ойталқы" тəсілімен қазіргі жастар үшін басты құндылық қандай? деген сұрақ төңірегінде пікір алысты.

Бірнеше оқушы Абайдың қара сөздерінен үзінді оқып, соңында "Зерде" тəсілімен кері байланыс жасалды. Оқушылар үлкен белсенділікпен қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ашық жеткізе алды.

Сынып жетекшісі Тұңғатарова Асылтастың жаңартылған бағдарлама бойынша өткізген бұл сабағы бірнеше əдіс-тəсілдерді қолданудың үздік үлгісін көрсеткен сабақ болды. Сабаққа қатысқан əріптестері сабаққа жоғары баға берді. 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер