«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Еңбек етсең ерінбей»

Бүгін мектебіміздің Нұрмағанбет Элмира жетекшілік ететін 2-ә сыныбында
"Еңбек етсең ерінбей" ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты - еңбек сөзінің мағынасын ашу, оқушыларды ата-аналарының еңбектерін бағалауға, еңбек етуде ерінбеуге баулу, ақшаның еңбексіз келмейтінін ұғындыру, әртүрлі мамандық иелерін сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Сабақта еңбек етуге үндейтін бейнероликтер көрсетіліп, мақал-мəтелдер айтылды. Тəрбиелік шараға сынып ата-аналары да белсене қатысты. Тігінші аналар - Динова Жанар,Тенелбаева Ағима үйде тігіп табыс табатын қолөнер бұйымдарын көрсетсе, аспаз аналар -Шарауова Гүлмира, Розметова Малика, Кулкаева Эльмиралар түрлі тамақ түрлерінің жасалу жолдары үлкен еңбекті қажет екендігін ұғындырды. Ал мектепте лаборант болып  қызмет ететін Үйсімбаева Камшат та өз еңбегі туралы айтты. Сабақ соңында оқушылар шығармашылық топтық жұмыс орындады. Сабақ сынып жетекшісінің түйінді сөздерімен қорытындыланды. 

1
2
3
4
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер