«Е.Айшуақұлы атындағы жалпы
білім беретін мектеп» КММ
ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
8 (7293) 12-44-34
cool.esir@mail.ru
Меню
  • ҚР, Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылы
  • 8 (7293) 12-44-34
  • cool.esir@mail.ru

«Туған өлкем, мақтанамын өзіңмен» Патриоттық сабақ!

21 қаңтар күні мектебімізде 10"Ə"-сыныбында "Туған өлкем, мақтанамын өзіңмен" тақырыбында патриоттық сабақ өтті. "Тарих тарландары" жəне "Ауыл мақтаныштары" атты екі топқа бөлінген оқушылар туған ауыл шежіресін зерттеген ізденістерін ортаға салды. Бір топтың оқушылары ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан Молдабек, Дүйсенов Байжан, Бименбетов Тұяқбай, Төлеубай Сағындықов, Олжабаев Хамит сияқты ардагер аталары туралы мəліметтер жинап таныстырды. Ал екінші топтағы оқушылар ауылымыздан шыққан Е.Айшуақұлы, Сəду Нұрниязұлы, Базархан Сүйеуүлы, Мақсат Сафиев, Қуантқан Ванов сияқты ауылымыздан шыққан танымал тұлғалар туралы айтты. Туған ауыл тарихын зерттеп білуге өз үлестерін қосуға талпынған өрендер бұл ізденістерін жалғастыра бермек. Олардың талпыныстарына мұрындық бола білген сыныптың жетекшісі Сатыбалдиева Қамарға айтар алғысымыз көп.

1
2
3
4
5
6
7
15 сәуір 2024, 14:00

Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы

"Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық өнер - құндылықтар қазынасы" тақырыбымен эстетикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.…


Сілтемелер